Дәстүрлі бұзбай бақылаудың кез келген түрін жүргізуге арналған озық жабдықтармен жабдықталған II және III біліктілік деңгейіндегі мамандардан тұратын біздің команда өз жұмысын барынша тез, сапалы және қауіпсіз орындай отырып, әрқашан өз клиенттеріміздің ең батыл үміттерін ақтауға дайын.
Визуалды инспекция (VT)
- Оптикалық аспаптар мен қарапайым өлшеу құралдарын қолдана отырып, бақылау нысандарда визуалды және өлшемдік тексеруді жүргізу.
- Мамандандырылған өнеркәсіптік бейнеэндоскоптарды қолданумен визуалды инспекция жүргізу (күрделі геометриясы бар нысандарды және қол жеткізу мүмкін емес нысандарды тексеру).
Ультрадыбыстық дефектоскопия және қалыңдықты өлшеу (UT & UTT)
- Бақылау нысандардың ішкі ақауларын анықтау.
- Бақылау нысандардың қабырға қалыңдығының нақты мәнін бағалау.
Радиографиялық бақылау (RT & DRT)
- Рентген-түтіктерді және гамма-дефектоскоптарды қолдана отырып бақылау жүргізу.
- Радиографиялық профильдік қалыңдықты өлшеу
- Цифрлық радиография (DR және CR технологияларын қолдану)
- Шағын бақыланатын аймақта жұмыс істеуге арналған қауіпсіздігі жоғары радиография
- Электрондық архивтер құру мақсатымен радиографиялық үлдірді цифрлау.
Құйын ток бақылауы (EC)
- Үстінгі және астындағы қабат ақауларын индикациялау мен бағалау және жабындардың қалыңдығын өлшеу үшін ток өткізетін күрделі нысандарды электромагниттік әдіспен бақылау.
Металдар мен қоспалардың құрамын экспресс химиялық талдау (PMI)
- Рентгенфлуоресценттік талдау – металдың элементтік құрамын көру мақсатында, нысанды спектралдық талдау.
Магнит-ұнтақпен бақылау (MT)
- Тұрақты/ ауыспалы ток электромагниттерін немесе тұрақты магниттерді қолдана отырып және құрғақ, аэрозольдік және флуоресценттік типтегі магниттік бөлшектерді қолдана отырып, ферромагниттік бақылау объектілерінде беткі, қабат асты тұтастығының бұзылған/ бұзылмағанын анықтау.
Капиллярлық бақылау (PT)
- Сұйықтықтардың (пенетранттардың) ақауларға енуі және олардың контрастылық бейнеленуі арқылы бақылау нысанының беткі, қабат астындағы ақауларды анықтау.
Қаттылықты өлшеу (HT)
- Бақылау нысанының қаттылық сипаттамаларын динамикалық немесе ультрадыбыстық әдіспен анықтау.
Вакуумдық-көпіршік әдісі
- Вакуумдық жақтауларды пайдалану кезінде герметикалықты көпіршік бақылау әдісі.
Электр-ұшқындық бақылау
- Бақылау нысанындағы токөткізгіш негіздерінің диэлектрлік қорғаныс және оқшаулау жабындарының тұтастығын тексеру.
Ферриттерті тестілеу (FT)
- Аустенитті және дуплексті болаттардың ферриттік фазасының құрамын анықтау.
Діріл диагностикалау
- Діріл энергиясын электр сигналына түрлендіру арқылы беттің немесе құрылымның тербелістерін анықтау.